Маңғыстауда мектеп түлектері жантүршігерлік жол апатына ұшырады
17 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай қалған
Маңғыстауда мектеп түлектері жол апатына ұшырады. 7 адам түрлі жарақат алған, біреуі ес-түссіз жатыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Жол апаты бүгін сағат 14.00 шамасында республикалық маңызы бар Шетпе-Сайөтес жолында болған. Белгілі болғандай 17 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, көлік аударылып қалған.
Көлікте болғандардың барлығы жарақат алған. Екеуі санитарлық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, тағы бесеуі аудандық аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Қазір біреуі екінші дәрежелі комада жатыр.
«Аталған факті ҚР ӘҚБтК 345-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаменті.