«Анасы табылды»: Қымбат Досжан шетел асқан тағы бір Жәнібек туралы айтты

Халық үні

Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқан

Фото: әлеуметтік желіден

Танымал журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібек есімді баланың оқиғасына қатысты тағы бір дерек жариялады.

Журналистің айтуынша, Арқалықтан Жәнібек есімді тағы бір бала шетел асқан. Оның анасы табылған.

«Арқалықтан Бельгияға кеткен асыранды балалар ішінде Жәнібек есімді тағы бір баланың болғаны анықталды. Екінші Жәнібектің туған анасы, нағашылары табылды, бүгін ДНҚ анализ тапсырды. Шақшақ Жәнібектің құрметіне аталып, туған жер мен анасынан, діні мен тілінен жырақтап кеткен Жәнібектер», - деп жазды журналист.

22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.