×

Атақты суретшілердің ұрланған картиналары жертөледен табылды

Пабло Пикассо мен Марк Шагалдың туындылары 900 мың долларға бағаланып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2024 | 18:00
Фото: Euronews

Бельгияның Антверпен қаласындағы ғимараттың жертөлесінен Пабло Пикассо мен Марк Шагалдың ұрланған картиналары табылды.

Tête және L'homme en priere деп аталатын туындылар 2010 жылы Израиль азаматының коллекциясынан ұрланған. Қылмыскерлер суреттермен бірге, үйден 680 мың доллар тұратын зергерлік бұйымдарды да қалтасына басқан. Бірақ суреттер жасырылған жерден зергерлік бұйымдар табылмады.

Бельгияның құқық қорғау органдары картиналарды жоғалтқан адамның шағымынан кейін тергеуді бастады.

Оның айтуынша, күдікті екі суретті де сатқысы келген. Одан кейін полицейлер оның ізіне түсіп, қамауға алған. Қазір ұсталған азаматтың картиналарды ұрлауға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Reuters агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол картиналардың жалпы құны 900 мың долларға бағаланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама