Halyq Uni логотип
×

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Батыста ауа райы күрт бұзылады

 Дәурен Ерболат 19.01.2024 | 17:54
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Синоптиктер 20-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Алдағы күндері Шығыс Еуропа аудандарынан келетін циклон Сібір антициклонын баяу ығыстырады. Алдымен циклон еліміздің батыс бөлігіне әсер етеді. Онда қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Алайда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында ауа райы тұрақты болады. Онда жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығысқа Ираннан жылы ауа массалары келеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады: қар жауып, жел күшейеді әрі қалың қар түсуі мүмкін деген де болжам бар.

Түнде еліміздің батысында ауа температурасы -7-15 градус, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта -15-23 градус, ал оңтүстікте -5-13 градус, шығыста -22-31 градус, оңтүстік-шығыста -13-22 градусқа дейін төмендеп, аяз болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама