×

Мемлекет Солтүстікке көшке ақша шашқанды тоқтатсын – СҚО тұрғыны (ВИДЕО)

Ақшаны далаға шашудың керегі жоқ, дейді ол

Мұндай пікірмен СҚО тұрғыны «Сұрауы бар» Youtube арнасының арнайы шығарылымына берген сұхбатында бөліскен.  Өңірдегі Явленка ауылының тұрғыны Индира Сайфоллақызының сөзінше, теріскейге Оңтүстік тұрғындарын көшіру ісінде көзбояшуылық басым. Кезінде Индираның өзі де Алматы облысынан көшіп барған.

«Бұл бағдарламаны Президент шығарды ғой. Бірақ ол халыққа жетпей жатыр . Ал біз кімді кінәлаймыз, президентті кіналаймыз істемей жатыр деп . Ал ол істеді ғой. Соның бәрі жол жөнекей жоқ болып кетіп жатқанына кім жауап береді. Сонда біздің отан деген көзқарасымыз жоқ қой. Жоғарыдағы ағаларымыз сондай болып тұр ма?», - деп қынжылыс білдірді ол. 

Айтуынша, көшпен келген шарттар бойынша бағаласақ, бағдарламаның болашағы жоқ.

«Неге заңда адам басына тиесі дүниелер нақты жазылып, мынадай статья, мынадай пункт, мынадай указ деп шығарылмаған? Солай шықса әр адам көзі ашық болады да, неге келе жатқанын біледі. Сонда адам заңды түрде талап ете алады. Ал біздікіндей нашар үйлер салынып, көзбояушылық болса онда тоқтата салсын. Ақшаны далаға шашудың керегі жоқ», - дейді тұрғын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама