Павлодарда лифтіде дәрет сындырған әйел жауапқа тартылды
Күдіктіге 55 мың теңге айыппұл салынды
Павлодарда полиция лифтіде дәрет сындырған әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Чайковский көшесінде орналасқан пәтер иесінен арыз түскен. Ол лифтіде қажетін өтеген әйелге шара қабылдауды сұраған.
Құқық бұзушының кім екенін анықтадық. Ол – 32 жастағы павлодарлық. Досының үйіне қонаққа келген. Ұсақ бұзақылық жасаған әйелдің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Павлодар қаласы ПД Оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ержан Тыналинов.
Материал сотта қаралды. Соттың үкімімен қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге 15 АЕК (55 380 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынды.