×

Ғарышқа алғаш рет төрт турист аттанды

Олар Астана уақытымен 19 қаңтардағы 03:49-да ұшты

 Еркеғали Болатұлы 19.01.2024 | 14:43
фото: SpaceX/Twitter

Axiom Mission 3 (Ax-3) миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ғарыш туристері ұшырылды, деп хабарлады SpaceX.

Нақты айтқанда, 18 қаңтарда шығыс уақытымен 16:49-да (Астана уақытымен 19 қаңтардағы 03:49) NASA-ның Кеннеди атындағы ғарыш орталығындағы ұшыру кешенінен Falcon 9 зымыран тасығышы арқылы Crew Dragon ұшырылған.

Орбита зертханасында экипаж адам физиологиясы мен өнеркәсіптегі технологиялық жетістіктерге арналған 30-дан астам ғылыми эксперимент жүргізеді, - делінген SpaceX сайтында.

Ax-3 экипажының құрамында 4 адам бар:

  • NASA-ның бұрынғы ғарышкері Майкл Лопес-Алегрия (кеме командирі);
  • Италия әскери әуе күштерінің полковнигі Вальтер Вилладей;
  • Швеция азаматы Маркус Вандт;
  • Түркия әскери әуе күштерінің ұшқышы Альпер Гезеравджы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама