Петропавлда учаскелік полиция инспекторын өлтіріп кетті
Жәбірленушінің артында екі кішкентай баласы қалды
Петропавлда 32 жастағы учаскелік полиция инспекторын өз үйінде өлтіріп кетті. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Петропавл қаласының полиция басқармасында жұмыс істеген.
«Аталған факті бойынша Петропавл қаласының ПБ тергеу басқармасында тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-б.1-б. бойынша, яғни кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.
Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов осы іс бойынша жәбірленуші полиция қызметкері болғанын, бірақ аталған қылмыстың оның кәсіби қызметімен байланысты емес екендігін айтты.
«Аталған нұсқа бойынша осы қылмысқа қатысы бар ретінде жәбірленушінің әйелі тергелуде. Қазіргі уақытта іс бойынша барлық жағдайды анықтауға бағытталған барлық қажетті және жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазір тергеу қорытындылары туралы тұжырым жасауға әлі ерте. Сот сараптамалары тағайындалады. Болжамды қылмыс қаруы алынды. Тергеу барысы СҚО прокуратурасының бақылауына алынды», - делінген хабарламада.
Жәбірленушінің артында екі кішкентай баласы қалды.