×

Алматы облысында судья сотталды

Пара берген мен пара алған адамдар бас бостандығынан айырылды

 Дастан Жұмабекұлы 19.01.2024 | 09:56
Фото: Halyq Uni

17 қаңтарда Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А. Абдрахмановқа және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлады Антикор.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы сотпен бірігіп, судьяның заңсыз қызметіне тосқауыл қойған болатын.

А. Абдрахманов Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы өндіріп алу бөлімінің басшысы А. Асилбековтің көмегімен екі ЖШС-ны банкрот деп танығаны үшін кәсіпкерден пара алды деп айыпталды.

Қонаев қалалық сотында:

  • А. Абдрахманов 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
  • А. Асилбековке 122,5 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
  • Пара беруші 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес, айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама