Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарыда тұрақсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Екатеринбург аймағынан шыққан Циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райын сақтайды.
«Осылайша жаңбыр жауады: 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта, сонымен қатар бұл аймақта найзағай мен желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін.
Содан кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты, батыста жауын-шашынның тоқтауы, қалған аумақтарда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. 26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.