Арыста жарылыс болды: қаза тапқандар бар
Жалпы наубайханада 5 газ балоны болған
Арыста наубайхана мен техникалық қызмет көрсету орталығы орналасқан ғимаратта газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Арыс қаласы Қазыбек би көшесіндегі ғимаратта болған.
Аумағы 285 шаршы метр бір қабатты бір шатыр астында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығы, наубайхана және дүкен өртенді. Наубайхана ішінде өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 50 литр пропан жарылған. Салдарынан 1984 және 1998 жылы туған екі жұмысшы зардап шекті. Олар орталық ауруханаға жатқызылды, - дейді ведомстводағылар.
Жалпы наубайханада 5 газ балоны болған. Бір балон өрт сөндірушілер келгенше жарылып кеткен.
Екі Өзбекстан азаматы ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Денесінің 90 пайызы күйіп қалған 40 жастағы әйел адам көз жұмды, - деді Арыс аудандық ауруханасының дәрігер-хирургі Талғат Тажиметов.
Ал, екінші ер адамның жағдайы ауыр. Денесінің 25-30 пайызын күйік шалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.