Оған 61 маман мен 13 техника жұмылдырылған
Павлодар қаласында ірі дүкен өртенді, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға бүгін түскі сағат 13:30-да болған. Мамандар қаладағы Катаев көшесінде орналасқан бір қабатты «Веселый улей» дүкенінің өртеніп жатқаны туралы ақпарат алған.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шұғыл жеткен. Оған дейін дүкен қызметкерлері ғимараттан шығып үлгерген.
Өртті сөндіру жұмысын түтін мен ашық жалын қиындатты. Мамандар өрттің басқа ғимаратқа таралуына жол бермеді. Оның жалпы ауданы 300 шаршы метр болды.
Оқыс оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өрт кешкі сағат 16:59-да сөндірілді. Оған 61 маман мен 13 техника жұмылдырылды.