18 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 18 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.
Жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.