Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» РМК 18-20 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.
«Қазгидромет» РМК 18-20 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген облыстарында ашық аязды ауа райын анықтаған ауқымды антициклон өз позициясын бере бастайды, осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі.
Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын негізінен қар түрінде өтеді, көктайғақ күтіледі, боранмен жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда ел аумағында тұман күтіледі.