17 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды
Бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 17 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек елдің батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.