Halyq Uni логотип
×

Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды

Ислам Чесноков «Тобылда» қалатын болды

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2024 | 14:12
Рамазан Оразов «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды
Фото: insporttv.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасының жарытлай қорғаушысы Рамазан Оразов «Ақтөбе» клубымен келісімшарт жасасты.

Бұған дейін 25 жастағы ойыншы Словенияның «Копер» клубында ойнады. Оның алдында Қостанайдың «Тобыл», Алматының «Қайрат», Павлодардың «Ақсу», Латвияның «Даугавпилс» пен Ресейдің «Чайка» командаларында өнер көрсетті.

Рамазан Оразов 2021-2022 жылдары бір жарым маусым «Ақтөбенің» намысын да қорғады. Ол соңғы ойнаған клубында «Копердің» сапында алаңға 12 рет шығып, 1 гол соқты. Оның командаға қосылуын облыс әкімі Асхат Шахаровтың өзі қалаған көрінеді.

Жақында ол «Ақтөбенің» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды.

Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір ойыншысы Ислам Чесноков «Тобылда» қалатын болды. Ол да команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылыпты. Осыған дейін футболшыға Еуропаның бірнеше клубы мен «Астананың» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама