×

Ақынның ұлы әкім болды

Медеу ауданының әкімі тағайындалды

 Дастан Жұмабекұлы 25.05.2022 | 16:50
коллаж: Halyq Uni

Алматы қаласы Медеу ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен  Президент әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин тағайындалды, – делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Алматы қалалық әкімдігі Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру кезінде Еркебұлан Оразалиннің басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаладағы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша үлкен жұмысты атқарғанын айтты.  

«Соның нәтижесінде Мемлекет басшысының зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі тапсырмасы орындалды. Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97% өз қызметін қалпына келтірді. 20 мамырында құны 14 082 240 817 теңге болатын 1 568 өтінім мақұлданды. Осы күрделі кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты және білікті маман ретінде әрі жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлік қасиеттерін көрсетті», – деді ол.

Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастаған.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы болып жұмыс істеген.

2010-2012 жылдары Алматы қаласының Өңірлік даму әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестициялар жөніндегі департаментінің директоры болды.

2012 жылдан 2016 жылдар аралығында Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін басшысы қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеп, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелерімен айналысты.

2019 жылдан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Еркебұлан Нұрланұлы - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ұзақ жылдар Қазақстан Жазушылар одағын басқарған белгілі ақын Нұрлан Оразалиннің ұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама