Halyq Uni логотип
×

«Шұбаркөл көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қойды

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2024 | 11:00
«Шұбаркөл көмір» кәсіпорнында жұмысшы пойыз астында қалып қойды
Фото: rail-news.kz

«Шұбаркөл көмір» АҚ ішкі темір жолында бағыттау бекетінің кезекшісі пойыздың астында қалып қойды. Ол жазатайым оқиғадан мерт болды.

Компанияның хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 қаңтарда болған.

Кәсіпорынның ішкі темір жол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болды. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен. Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды, – делінген хабарламада.

«Шұбаркөл көмір» ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсететінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама