Есеп комитеті «Тау-Кен Самұрық» компаниясына жүргізілген аудит нәтижесін жариялады

Халық үні

«Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізілді

көрнекі фото: altynalmas.kz

Биыл маусым айында Есеп комитеті «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ның активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Мемлекеттік аудит барысында есепке жатқызылуға тиіс қосымша құн салығының есептелген салық сомасынан асыру фактілері анықталды.

Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитетіне 2021 жылғы 6 желтоқсан мерзіміне дейін тауардың қосылған құнын арттыру және есепке жатқызылуға тиіс ҚҚС-тің сомасын арттыруды ұлғайту, «Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС атына сату бойынша айналымды төмендету арқылы «Алтыналмас «АК» АҚ салық міндеттемелерін оңтайландыру заңдылығы мәселесі бойынша «Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС-ның салық міндеттемелерін толық орындауға салықтық тексеру жүргізу тапсырылды. 

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Алтыналмас Сауда үйі» ЖШС-ға қатысты 2018 жылдың басы мен 2020 жылдың соңына дейінгі кезеңде КТС және ҚҚС бойынша тақырыптық салықтық тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде жалпы 338 550 теңге сомасына салық қоса есептілді және 1 618 750 теңге мөлшерінде КТС бойынша шығын азайтылды.