Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында аяз сақталады.

Фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» РМК 16-18 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында аяз сақталады.

«Кең антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ашық аязды ауа-райы болжанады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар түрінде жауын-шашын жауады және де боранмен жел күшейеді. Негізгі температуралық фон Республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде 25-33, күндіз 15-23 аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 аяз, ал батыста түнде 8-18 аязға дейін, күндіз  3-15 аязға дейін күтіледі», - делінген хабарламада.