Петропавлда 17 жастағы колледж студентін пышақтап кетті
Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан
Петропавлда 17 жастағы жасөспірім жанжал барысында пышақ жарақатын алды, деп хабарлады СҚО полици департаменті.
Оқиға бүгін болған.
Петропавлдағы колледж жатақханасында оқушылар спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.
Соның салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған.
«Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс студенттері. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай фактілер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген хабарламада.