Halyq Uni логотип
×

Астанада үй қызметшісі пәтерден алтын бұйымдарды ұрлаған

26 жастағы қыз бірден күдікке ілінді

 Дастан Жұмабекұлы 15.01.2024 | 10:16
Астанада үй қызметшісі пәтерден алтын бұйымдарды ұрлаған
Фото: polisia.kz

Polisia.kz-тің хабарлауынша, жақында үй қызметшісі болып жұмысқа орналасқан 26 жастағы қыздың пәтерден алтын әшекейлердің ұрлағаны анықталған.

Ол күдікке бірден іліккен. Өйткені алтын бұйымдар ұрланған күні пәтерде одан басқа ешкім болмаған. Бұл туралы пәтер иесі де полицияға берген арызында жазған.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, үй қызметшісі кешкі уақытта пәтер иелері үйде болмаған кезде алтын сырғалар мен кулоны бар алтын алқаны ұрлаған. Пәтер иесінің айтуынша, ұрланған заттар  250 мың теңгеге бағаланып отыр. Содан кейін күдікті ұрланған алтынды ломбардқа тапсырып, содан түскен ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Нұра ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері үй қызметкерін ұстады. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір оның Астанада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама