Жетісу облысында өткен екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылды
15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды
Жетісу облысында өткен екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
12 және 13 қаңтар ауа райының қолайсыздығына, нашар көріну жағдайына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қарлы боранда 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалды.
ТЖД күштерімен қар құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды.
15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды. Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық ЖЖМ және азық-түлік қоры болған, – делінген ТЖД хабарламасында.
Ведомство өкілдері дабылды ескертулер туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды және алыс жолға шығар алдында барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды сұрайды.