Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетелдік азаматты ұстады.
Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 келі«альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5,5 тоннадан астам прекурсорлар алынды. Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.