Виктор Демьяненко ұйым басшысының кеңесшісі қызметін атқаратын болып шешілді
Рақымжан Ерденбеков Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті болып сайланды.
Алматы қаласында Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының (ҚКБФ) 8-ші есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Іс-шарада бұған дейін федерацияны басқарған Виктор Демьяненко енді президенттің кеңесшісі қызметін атқаратын болып шешілді.
Сондай-ақ, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті қызметіне Сурен Тоноян мен Данияр Жылқыбаев сайланды.
Қазақстан кәсіпқой бокс федерация комиссиясының құрамы да өзгерді. Атқару комитетінің мүшесі Сұлтан Сәтбаев сот комиссиясының төрағасы болды. Заң комиссиясының және атқару комитетінің мүшесі болып Бақытбек Бегалиев сайланды.
Сондай-ақ, есеп беру-сайлау конференциясында биыл толықтай іске қосылатын Green Belt WBC Amateur Kazakhstan серпінді жобасының жетістігі ерекше аталып өтті. Сонымен қатар 2020-2023 жылдар аралығындағы атқарылған жұмыстар туралы есеп жарияланып, алдағы үш жылға федерацияның стратегиялық дамыту жоспарлары талқыланды.