Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды

Текелі қаласынан 20 шақырым жерде таулы аймақта күші 3 балдық жерасты дүмпуі болды

 Халық үні 14.01.2024 | 07:38
Жетісу облысында 3 балдық жер сілкінісі болды
Фото: bsh.kz

.

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде Жетісу өңірінде Текелі қаласынан 20 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7. Магнитудасы – MPV 4.6. Тереңдігі – 15 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Текелі қаласында 3 балл», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, прокуратураны және басқа да ұйымдарды хабардар етті. Аймақтардағы жағдай нақтыланып жатыр. Қирау мен құрбандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама