Halyq Uni логотип
×

«Меккеге барып, Алладан тілеп алдық»: Сара Тоқтамысова дүркіретіп той жасады

Айтыскер ақын қызын Меккеге барып, күйеуімен бірге Алладан сұрап алғанын айтты.

 Халық үні 13.01.2024 | 22:43
«Меккеге барып, Алладан тілеп алдық»: Сара Тоқтамысова дүркіретіп той жасады
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Ақын Сара Тоқтамысова қызы Сүйкімдінің 1 жасқа толған туған күнінде дүркіретіп той жасады. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айтыскер ақын қызын Меккеге барып, күйеуімен бірге Алладан сұрап алғанын айтты.

«Жолдасым екеуміз Меккеге барып, Қағбаны айналып, алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой. Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарда жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады», - деп жазды ол.

Ақынның қуанышына ортақтасқан өнердегі әріптестері тойға жиналды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама