17 өңірде ескерту жарияланды

Халық үні

«Қазгидромет» РМК 17 өңірде ескерту жариялады

Фото: oir.mobi

«Қазгидромет» РМК 17 өңірде ескерту жариялады.

14 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман, тау асуларында жаяу борасын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 14 қаңтарда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Түркістан қ.: 14 қаңтарда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с.

Астана қ.: 14 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, таңертең және күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

14 қаңтарда түнде Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақытта екпіні 18-23 м/с.

14 қаңтарда түнде Ақмола облысының шығысында қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 14 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

14 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса.

14 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының қар, облыстың солтүстігінде қатты қар күтіледі. Бұрқасын. Батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

14 қаңтарда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ.: 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

 14 қаңтарда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

14 қаңтарда түнде Қызылорда облысының жауын-шашын (көбіне қар), солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Көктайғақ. Облыстың орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 14 қаңтарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

14 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 14 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

14 қаңтарда түнде Ұлытау облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 14 қаңтарда түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының шығысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі.

14 қаңтарда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 14 қаңтарда түнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

14 қаңтарда Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20 градус қатты аяз күтіледі. Ақтау қ.: 14 қаңтарда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

14 қаңтарда Павлодар облысының бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, түнде облыстың батыстан, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 14 қаңтарда таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, жел соғады, күндіз 15-20 м/с күтіледі.

14 қаңтарда Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі.

14 қаңтарда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 15 қаңтарда түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 14 қаңтарда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 14-16 қаңтарда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 14 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ.: 15 қаңтарда түнде қатты қар күтіледі. 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 14 қаңтарда екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.