Өскеменде кіреберістің жанында ер адамды атып кетті

Халық үні

Оқиға орнына келген бойда мәйіт табылды

Фото: ШҚО ПД

Облыс орталығында оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

13 қаңтар күні облыс орталығының «102» арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістің жанында ер адамның қанға боялып жатқанын хабарлаған.

ы. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған.

Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

Аталған факті бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды .

Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.