Абай облысында қатты жел 17 жолаушысы бар автобусты жолдан шығарып жіберген
Ол Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алған
Абай облысының Үржар ауданындағы Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде қатты жел салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.
Облыстық полиция департаменті автобустың Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алғанын хабарлады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2 адам ауруханаға түскен. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.