Павлодар облысында көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Дәурен Ерболат

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында көлік апатынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 12 қаңтарда Екібастұз 1-МАЭС станциясына баратын көпірде болған. Mitsubishi көлігі Volvo автобусын басып озып, жолдың қарсы бөлігіне шыққанда Audi автомобиліне соғылды.

Салдарынан Audi жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Екінші жолаушы ауруханаға жеткізілді, – деп жазылған хабарламада.

Көлік апаты бойынша полиция тексеруді бастады.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан 2 мыңға жуық адам қаза табады.