Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Екібастұз бен МАЭС-1 стансасын жалғайтын автожолдың көпірінде екі жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен жолаушы қайтыс болды.
Өңірлік Полиция департаментінен хабарланғандай, қайғылы оқиға бүгін МАЭС-1 стансасына апаратын автожолдың бойында болған. Көпір үстінде Митсубиси маркалы автокөлік «Вольво» автобусын басып озып, қарсы жолақта «Ауди» жеңіл көлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік апатының салдарынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.