×

ШҚО әкімі әскери көлікке отырып, қарудан оқ атты

Ұлттық ұлан сарбаздары 300-ден аса қылмыстың бетін ашқан

 Дәурен Ерболат 12.01.2024 | 17:02
Фото: Ұлттық ұлан

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Өскемендегі №5518 әскери бөлімге барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әскери бөлім Ұлттық ұланның «Шығыс»​ өңірлік ​қолбасшылығына қарайды.

Ермек Көшербаев әскери бөлімдегі сарбаздардың жауынгерлік дайындығы мен техникалық жабдығын тексерді. Сондай-ақ ол Урал 4320 ауыр жүк көлігіне отырып, оны жүргізді, – деп жазылған Ұлттық ұлан таратқан хабарламада.

Сонымен қатар өңір басшысы оқ ату дағдысын қалыптастыруға арналған​ тир орталығына барып, қарудан оқ атты.

Облыс әкімі сарбаздардың жауынгерлік міндеттерімен танысып, әскери бөлімдегі оқу материалдық базасына және бөлімшелердің жағдайына назар аударды.

Былтыр Ұлттық ұланның «Шығыс»​ өңірлік ​қолбасшылығының сарбаздары 3,5 мыңнан аса әкімшілік​ құқықбұзушылықты анықтап, 315 қылмыстың​ бетін ашқан.

Кездесу соңында Ермек Көшербаев Ұлттық ұлан сарбаздарына сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама