Жасөспірімдер жолақының 50 пайызын ғана төлейді – заң жобасы

Айнұр Шошаева

Депутаттар аталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілісте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев халықтың әлеуметтік осал топтарына қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беретін нормалар енгізілетінін айтты.

Айта кетейік, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымға шығарылды. Заң жобасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар, сондай-ақ қалалық (ауылдық), қала маңындағы қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауда «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектердің тегін жол жүру құқығын көздейді. Сондай-ақ 15 жастан 18 жасқа дейінгі жастар билет құнының 50 пайызын төлей алады.

Депутаттар аталған заң жобасын бірінші оқылымда тегіс мақұлдады.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда 7-15 жас аралығындағы 2,7 млн бала және 16-18 жастағы 724 мың жас бар.