Маңғыстау облысында фототұзаққа жойылу қаупі төнген ақ қасқыр түсіп қалды

Еркеғали Болатұлы

Ол өзі мекендейтін аймақтағы ең қауіпті жыртқыш саналады

фото: дереккөз

«Манашы» мемлекеттік табиғи қорығында ақ қасқыр көзге түсті. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлады.

Облыстағы табиғат басқармасы мамандарының айтуынша, ақ қасқыр – Маңғыстау облысында өте сирек кездесетін жыртқыш аң.

Оның сезімталдығы жоғары және асқан төзімділікке ие. Ақ қасқыр өзі мекендейтін аймақтағы ең қауіпті жыртқыш саналады. Оның салмағы мекен ететін жеріне байланысты, шамамен 30-80 келіге жетуі мүмкін, - дейді Маңғыстау облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мамандары.