4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақтөбе облысында 1 учаске:
- «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» – 97-330 шақырым, Қандыағаш қаласы-Атырау облысының шекарасы – 233 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Жамбыл облысында 1 учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» – 159-238 шақырым, Кенен ауданы- Қайнар ауданы – 79 шақырым. Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Батыс-Қазақстан облысында 1 учаске:
- «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» – 4-104 шақырым, Орал қаласы-РФ шекарасы – 100 шақырым. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қостанай облысында 1 учаске:
- «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» – 386-503 шақырым, Денисовка аауданы-Рудный қаласы – 117 шақырым. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 454 техника және 586 жұмысшы жұмылдырылды.