Halyq Uni логотип
×

«Шашын алып, тұншықтырған»: Талдықорғандағы 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тың деректер шықты

Сараптама нәтижесінде денесі Талдықорғаннан 40 шақырым жерде табылған Карина Дорохинаны тұншықтырып өлтіргені анықталды

 Халық үні 11.01.2024 | 23:21
«Шашын алып, тұншықтырған»: Талдықорғандағы 14 жастағы қыздың өліміне қатысты тың деректер шықты
фото: Halyq Uni

Сараптама нәтижесінде денесі Талдықорғаннан 40 шақырым жерде табылған Карина Дорохинаны тұншықтырып өлтіргені анықталды. Бір нұсқа бойынша мектеп оқушысы жыныстық зорлық- зомбылыққа ұшыраған, деп хабарлайды Orda.kz порталы тергеумен таныс дереккөздерге сілтеме жасап. 

Қыздың денесін тексергеннен кейін өлер алдында оның басы қырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар жасөспіріммен бірнеше рет жақындық болған. Каринаның анасы сияқты кісі өлтірді деген күдікпен ұсталған өгей әкесінің қатысы бар ма, жоқ па, оны сарапшылар анықтайды.

Orda.kz журналисінің ақпаратына сәйкес, қайтыс болған қыздың әжесі қалған балаларды отбасынан алып алуды талап етеді. Ол олардың да зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жоққа шығармайды. Тиісті өтінішпен әйел полицияға арызданған. 

14 жастағы Каринаның жоғалып кеткені 2023 жылдың желтоқсан айының соңында белгілі болды. Баланың жақын туысы дабыл қаққан. Әйел қыздың Талдықорғанда анасы мен өгей әкесімен бірге тұратынын, бірақ жарты жылдан бері мектепке бармайтынын және үйде болмайтынын айтты. 

Кісі өлтірді деген күдікпен Каринаның анасын ұстады. Қыздың өгей әкесі президентке үндеу жазып, қылмыс жасады деп заңсыз айыпталған және түрмеде ұрып-соғылған әйелін жіберуді талап етті.

8 қаңтарда Каринаның денесі Талдықорғаннан 40 шақырым жерде Текелі тауынан табылды. 

Orda.kz порталының дереккөздері бойынша жауап алу кезінде әйел 6 қарашада кешке жанжалдан кейін баласын тұншықтырғанын мойындаған. Қылмыстың іздерін жасыру үшін ерлі-зайыптылар баланың денесін көлікке салып, тау ішіне көміп тастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама