Halyq Uni логотип
×

«Әкесі болуы мүмкін»: Қымбат Досжан анасын іздеген қазақ баласына қатысты тағы бір дерек жариялады

Жәнібектің әкесі болуы мүкін ер адам ДНҚ тапсырған.

 Халық үні 11.01.2024 | 19:50
«Әкесі болуы мүмкін»: Қымбат Досжан анасын іздеген қазақ баласына қатысты тағы бір дерек жариялады
Фото: әлеуметтік желіден алынды

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің анасын іздеп, оның туған жері Арқалық қаласына барған болаты. Бүгін тағы бір жаңа дерек жариялады.

Айтуынша, Жәнібектің әкесі болуы мүкін ер адам ДНҚ тапсырған.

"Құдайға шүкір. Ер-азаматтар ояна бастады. «Мен Жәнібектің әкесі болуым мүмкін, ДНҚ анализ тапсырайыншы» деп бір Бауыржан есімді ер жігіт хабарласты. Бүгін Әсел Асқарқызымен бірге клиникаға барып, Бауыржан қан тапсырды. Енді нәтижесін күтейік», - деп жазды журналист.

21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама