Halyq Uni логотип
×

АҚШ қару-жарақ компанияларына Украинаға көмек беруді міндеттеді

Енді кәсіпорындар озық техниканы жеткізетін болады

 Дастан Жұмабекұлы 11.01.2024 | 17:15
АҚШ қару-жарақ компанияларына Украинаға көмек беруді міндеттеді
Фото: Valentyn Ogirenko, Reuters

АҚШ Президентінің әкімшілігі елдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарасты компанияларға Украинаға соңғы үлгіде жасалған әскери технологиялар жеткізіп тұруды міндеттеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС хабарлады.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Джейк Салливанның айтуынша, енді ел билігі қару-жарақ компанияларына Украинаға озық технологияны жеткізу үшін жұмыс істеткізіп, арнайы тапсырыс беріп отырады. Әзірше мұндай келісім Fortem Aerospace, Palantir Technologies, Anduril Industries пен Skydio компанияларының басшыларымен келісіліп отыр. Бұл кәсіпорындар келісімге сәйкес, Украинаға қорғаныс техникасы мен дрондарды жеткізетін болады.  

Қолда бар мәліметке қарағанда, Салливанмен кездескен компания басшылары Украина өкіметімен тікелей жұмыс істей бастаған.

Еске сала кетсек, Украинаға көмек пакеті былтыр қыркүйек айында тоқтап қалған еді. Сол кезде Израильдің Газа секторына қарсы соғысы басталып кеткен-ді. Сонымен бірге Конгресте республикашылардың АҚШ шекараларын қорғауды бірінші кезекке қоюларына байланысты Украинаға қаржылай көмек көрсету жөніндегі шешім қабылданбай қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама