×

Қарағандыдағы хайуанаттар бағы Жаңа жылдан қалған шыршаларды қабылдайды

Текке далада шіріп қалғанша, пайдаға асады

 Еркеғали Болатұлы 11.01.2024 | 11:28
фото: trk7.ru

Қарағандыдағы хайуанаттар бағы осымен 10 жыл қатарынан Жаңа жыл мерекесінен қалған шыршалар мен қарағайларды қабылдап келеді, деп хабарлады 24.kz.

Себебі қылқан жапырақтылар біріншіден қорек, екіншіден табиғи төсеніш болады. Биылдың өзінде 50-ден астам ағаш жануарлардың қажетіне жараған.

Марал, бұғы табиғатынан осымен қоректенеді ғой. Хайуандар да иіскелеп ойнайды. Малдың астына төсеуге де керек. Текке далада шіріп қалғанша, пайдаға асады. Өздерің көріп тұрсыңдар, маралдар ақырын-ақырын жеп жатыр. Жолбарыстың балалары ойнайды, сонымен тырнақтарын тазалайды, - дейді хайуанаттар бағының зоотехнигі Әмин Алин.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама