×

Жоғарғы соттың судьялары қызметінен кетті

Олардың сот жүйесінде мол тәжірибесі бар

 Дәурен Ерболат 11.01.2024 | 10:15
фото: sputnik.kz

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметінен кетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп судьялардың зейнет жасына толғанын, біреуі басқа қызметке ауысқанын атап өтті. 

Альфия Савинова мен Айгүл Сапарова зейнет жасына жетті. Судья Ақылтай Қасымов судья лауазымында болудың шекті жасы – 67-ге жетіп отыр. Бәрінің судьялық қызметте үлкен тәжірибесі бар, яғни еңбек өтілі – 26 жылдан 40 жылға дейін. Судья Ербол Исмаилов Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьясы болып тағайындалды, - деді Денис Шипп Сенаттың жалпы отырысында.

Дауыс беру нәтижесінде сенаторлар ұсынысты қолдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама