Атырау облысында ірі жол апатынан жедел жәрдем қызметкері көз жұмды
Қазір тиісті құжаттар жинақталуда
Атырау облысында төрт көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Салдарынан жедел жәрдем көлігінде келе жатқан медицина қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ПД-ның мәліметінше, ірі жол апаты 9 қаңтар күні сағат 18:40 шамасында Доссор – Бейнеу тасжолында орын алған.
1995 жылы туған азамат тізгіндеген «ГАЗель» автокөлігі жедел жәрдем көлігімен, ал 1993 жылы туған азамат тізгіндеген IVECO көлігі Rolfo Sirio көлігімен соқтығысты, - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.
Оқиға салдарынан 1964 жылы туған жедел жәрдем қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Қазір тиісті құжаттар жинақталуда.