Олар жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді
Ақмола облысындағы тасжолда бұзылған автобустан 16 ресейлік эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция мәліметінше, 10 қаңтарда Астана – Петропавл тасжолында патруль қызметкерлері жол жиегінде қалған Hyundai автобусын байқаған.
Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі – 6 жасар бала. Жылыну үшін бала дереу полиция көлігіне ауыстырылды. Жолаушылар Біржан сал ауданына қарасты ауылдағы кітапханаға орналастырылды.
Жүргізуші полицияға алғыс білдірді.