Жарыс Италияда 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында болады
Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындығын бастап кетті. Бұл жарыста жеңімпаз атанғандар Олимпиадаға лицензия алады.
Қазір Алматыда турнирге дайындық болып жатыр. Боксшылар алдымен жалпы дене жаттығуын жасап, содан кейін арнайы физикалық дайындықты бастайды.
Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасы Иран және Әзербайжан спортшыларымен бірігіп жаттығады.
Италиядағы лицензиялық турнир 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді.
Әзірше боксшыларда екі жолдама бар. Оны Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова жеңіп алды.