400-ге жуық мұғалімді оқыту жоспарланып отыр
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы шағын жинақты мектептердің 50-ден астам мұғалімі оқу барысында цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша курстан өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бір апта бойы мұғалімдер сабақ беру барысын ұйымдастыруды оңайлататын цифрлық қосымшалар мен бағдарламаларды қолдану бойынша білім алды.
Семинар барысында біз берілген тапсырмаларды цифрлық қосымшаларды пайдалана отырып шештік. Алған білімдеріміз оқушылардың сабақ оқуға деген қызығушылығын арттыруға, сәйкесінше білім сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Семинардағы оқытудың нәтижесі шағын жинақты мектеп мұғалімдері үшін аса пайдалы болды, – деп атап өтті семинарға қатысушы, Аққайың шағын жинақты мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Астана Балғазина.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Оқу-ағарту министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп, «Цифрлық технологияларды қолдана отырып, шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Жоба өңірдегі 134 шағын жинақты мектепте іске асып жатыр. Әсіресе орталықтан шалғайда орналасқан, оның үстіне педагог кадрлар тапшылығы бар ауыл мектептеріне баса назар аударылады.
Курстар екі білім беру бағдарламасы бойынша өткізілді:
Сондай-ақ цифрландыру бойынша біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету аясында әдістемелік және консультациялық көмек көрсету үшін мектептерге бару ұйымдастырылды.
Айта кетсек, қазір шағын жинақты мектептердің 400-ге жуық мұғалімін оқыту жоспарланып отыр.