Көлдің түбін толық тексеру үшін үш күн қажет болады
Шығыс Қазақстан облысында сүңгуірлер Алакөлдің түбін тазарту жұмыстарының бірінші күнінде 90 келі темір шығарды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Үржар ауданындағы Алакөлдің түбін тазарту жұмыстары басталды. Көлдің түбін толық тексеру үшін құтқарушыларға үш күн қажет.
Сүңгуірлер 207 демалыс базасын, оның ішінде «Үржарайым» балалар сауықтыру лагерінің бойындағы 4,1 шақырым жағалаудың түбін тазартады. Мұндай шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу маусымы басталар алдында жүргізіледі. Соның барысында құтқарушылар азаматтарға қауіп төндіретін заттарды жиі тауып жатады, – делінген хабарламада.
Жұмыстың бірінші күнінде барлығы 90 келі темір, 2 балық аулау торы мен 10 шыны бөтелке шығарылды. Сүңгуірлер 1,5 шақырым шағалауды қамтып үлгерді.