Талдықорғанда полиция қызметкерлері екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады
Талдықорғанда полиция қызметкерлері екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен 43 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Белгілі болғандай, соңғы бірнеше күнде күдікті көпқабатты үйлердің бірінің жертөлесінде тығылып жүрген. Қазіргі уақытта күдікті қалалық полиция бөліміне жеткізілді.
Күдікті бұрын сотталған, көрші Алматы облысының тумасы болып шықты. Ұсталған адам қазірдің өзінде күнәсін толығымен мойындады.
Естеріңізге сала кетейік, өңір полициясы қарт әйел мен оның 52 жастағы ұлын өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, олардың мәйіттері 5 қаңтарда Талдықорғанның жер үйлерінің бірінде зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 43 жастағы ер адамның қылмысқа қатысы барын анықтады. Оның жеке басын анықтауға қылмыс орнында қажетті дәлелдер мен іздерді жинаған криминалистер көмектесті. Талдықорған қалалық полициясы мен облыстық департаментінің қызметкерлері күдіктіні іздеуге және ұстауға бағытталды. Күдіктіге қатысты бағдар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, барлық полиция бөліністеріне, сонымен қатар жан-жаққа жіберілген.
Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес жүргізілуде. Ұсталған ер адам қамауға алынды.