Halyq Uni логотип
×

Рахат Тұрлыхановқа әйеліне қол жұмсағаны үшін сот шешімі шықты

Өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан

 Халық үні 09.01.2024 | 19:50
Рахат Тұрлыхановқа әйеліне қол жұмсағаны үшін сот шешімі шықты
Фото: facebook.com/kazshowbiz

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарап, тиісті шешім шығарды.

Сотта анықталғандай, өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын айтты.

«Сот қаулысымен Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады қалалық сот.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама