Halyq Uni логотип
×

Астанада тағы бір алып сәби дүниеге келді

Нәрестенің екі бауыры да салмағы ауыр болып туған

 Дастан Жұмабекұлы 09.01.2024 | 17:11
Астанада тағы бір алып сәби дүниеге келді
Фото: gov.kz/Астана қаласының әкімдігі

Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 грамм салмақпен алып сәби дүниеге келді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сәбиді анасы өзі босанған. Дәрігерлер кесарь тілігін жасамады. Нәрестенің анасының жасы – 35-те. Ол үшінші рет босанып отыр. Оның басқа балалары да салмағы ауыр болып туған.

Тұңғышының салмағы 4 500 грамм болса, екінші баласының салмағы 4 050 грамм болған.

Жаңа босанған ана аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Әсіресе, акушері Залина Асановаға ерекше алғыс айтты.

Келіншек қиналмай босанды. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы болды. Ең бастысы – баланың дені сау, анасы бақытты. Дені сау баланы тудыру – біздің жұмысымыздың басты мақсаты, – деді акушер.

Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы 5 келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін атап өтті. Оның айтуынша, перзентханада соңғы айда алып бала екінші рет дүние есігін ашқан. Бұған дейін салмағы 5 келіден асатын сәби желтоқсан айында дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама