Астанадағы «Нұр-Сұлтан» және «Нұрлы жол» теміржол вокзалдарының атауы өзгертілмек.
Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, теміржол вокзалдары мен жолдар қайта аталсын. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, темір жол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін, – делінген қаулы жобасында.
Атауы өзгертілуге тиіс станциялар мен жолдар төмендегідей:
Ақмола облысы бойынша
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалының атауы – «Ақмола филиалы» РМК «Астана вокзалы» атауына;
- «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының «Нұрлы жол» теміржол вокзалының атауы – «Ақмола филиалы» РМК «Нұрлы жол» вокзалы атауына.
Жетісу облысы бойынша
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС 13-филиалының атауы – «Алматы филиалы» МКҚК-нің «Ақши темір жол трасса» атауына.
Қызылорда облысы бойынша
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Қызылорда бөлімшесінің №26 теміржол вокзалының атауы – «Батыс» Жетітөбе темір жол станциясы атауына.
Маңғыстау облысы бойынша
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №1 темір жол өткелі «Күйкен темір жол өткелі» атауына;
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №10 темір жол өткелі «Боздақ темір жол өткелі» атауына;
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Маңғыстау бөлімшесі – «Батыс» №460 темір жол өткелі «Сарға темір жол өткелі» атауына;
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Маңғыстау бөлімшесінің «Опорная» темір жол вокзалы – «Батыс» Боранқұл темір жол станциясы атауына.
Атырау облысы бойынша
- «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Маңғыстау бөлімшесінің «Толтыр» темір жол өткелі – «Батыс» Майкөмген темір жол өткелі атауына.
Ақмола облысы бойынша
- «Джалтыр станциясының» атауы – «Жалтыр станциясы» атауына;
- «Қосшеку станциясының» атауы – «Қосшоқы станциясы» атауына.
Маңғыстау облысы бойынша
- «Сай-Өтес станциясының» атауы – «Сайөтес станциясы» атауына;
- «Узень станциясының» атауы – «Жаңаөзен станциясы» атауына.
Батыс Қазақстан облысы бойынша
- «Уральск станциясының» атауы – «Орал станциясы» атауына.
Жамбыл облысы бойынша
- «Құмшағыл станциясының» атауы – «Құмшағал станциясы» атауына;
- «Сүрім станциясының» атауы – «Сұрым станциясы» атауына.